БОЛАШАҚТАҒЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ: КӘСІПТЕР, ҚҰЗЫРЕТТЕР, ШЕШІМДЕР

 

2025 жылғы 26–27 маусымда Азаматтық авиация академиясында «Азаматтық авиациядағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің Салалық Атласын әзірлеу» тақырыбында форсайт-сессия өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жетекші әуе компанияларының, әуежайлар мен салалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Мақсаты – алдағы 5–15 жылға басым кәсіптер мен құзыреттерді анықтап, авиациялық кадрларды даярлау жүйесін трансформациялаудың негізін қалау.

Сессия аясында:

  • негізгі технологиялық және әлеуметтік-экономикалық трендтер талқыланды;
  • кадр даярлаудағы құзырет тапшылығы мен кедергілерге талдау жасалды;
  • білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.

Сессияның маңызды бөлігі – авиация мамандарын даярлау жүйесін реформалау жөніндегі ашық пікірталас болды.

Сонымен қатар, «Мамандығым – Болашағым» жобасының жетекшісі Сакенов О.Б. кәсіпорын өкілдерімен сұхбат жүргізіп, қатысушылар арасында әлеуметтанулық сауалнама өткізді. Бұл саланың кадрлық қажеттіліктері мен күтулеріне қатысты өзекті деректер алуға мүмкіндік берді.

Жиналған аналитикалық материалдар Салалық Атластың соңғы нұсқасын қалыптастыруға және Академияның білім беру бағдарламаларын жаңартуға негіз болады.

Барлық қатысушылар бір пікірге келді: кәсіби білім беру уақыттың артынан емес, уақыттың алдында жүруі тиіс.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы