Грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

✅Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар

 ✔️жеке куәлік

 ✔️ҰБТ сертификаты;

 ✔️3х4 көлеміндегі фото;

✔️орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

 ✔️жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

 ✔️B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

 Қосымша ақпарат үшін +7(702)024 45 12 нөмері бойынша Азаматтық Авиация Академиясының қабылдау комиссиясына хабарлассаңыз болады!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз