Талғат Мұсабаевқа мәңгілік құрмет!

📍Терең қайғыра отырып, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, «Халық Қаһарманы», техника ғылымдарының докторы, профессор Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың өмірден өткенін хабарлаймыз.

Ол Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітіріп, авиация инженері мамандығын иеленді. Еңбек жолын Алматы әуежайында инженер болып бастаған.

Еліміздің Азаматтық авиациясындағы табысты қызметі мен кәсіби шеберлігі, оның ғарышкерлік жолына да берік негіз болды. Талғат Мұсабаев үш мәрте ғарышқа ұшып, еліміздің аэроғарыш саласының дамуына үлес қосты. Сонымен қатар, авиация мен ғарыш саласын басқару, дамыту бағытында жауапты басшылық қызметтер атқарды.

Азаматтық Авиация академиясы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және бүкіл қазақстандықтарға шынайы көңіл айтады. Ұлы ғарышкер-авиаторға  мәңгілік құрмет!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы