Байсерке аспаны – 2025 авиашоуы

Күні кеше Байсерке әуежайында өткен «Байсерке аспаны – 2025» авиашоуы нағыз авиация мерекесіне айналды! 
10 000-нан астам көрермен бір алаңға жиналып, ұшқыштардың жоғары пилотажын, 24 парашютшінің әуеде жасаған ерекше көріністерін және заманауи әрі тарихи ұшақтардың әсем ұшуларын тамашалады. 
Сонымен қатар авиациялық техника көрмесі, әуемодельдік көрсетілімдер, концерттер мен балаларға арналған интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстандағы ең ауқымды авиациялық оқиғалардың біріне айналып, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы