📺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2025

Азаматтық авиация академиясының ұжымы мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде бірге тамашалады.

Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды. Ел экономикасын жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы жаңғырту қажеттігін атап өтті. Ол үшін Цифрлық кодекс қабылданып, онда жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану сияқты негізгі бағыттар айқындалуы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін азаматтар мүддесіне сай жетілдіру, ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы ұсынылды.

Сонымен қатар, Президент аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді және агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел жетілдіруді тапсырды.

✈️ Академия ұжымы Жолдауда айтылған бастамаларды қолдай отырып, авиация саласы үшін сапалы білім беруді әрі қарай жалғастырады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы