Азаматтық Авиация Академиясында авиация саласы мамандарына арналған үш күндік «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу және кәсіби авиациялық терминология, авиациялық коммуникация мәселелері» атты кәсіби оқыту семинары өтуде.
Семинардың негізгі мақсаты – авиация саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжат айналымының заманауи әдістерін меңгерту, сондай-ақ кәсіби авиациялық терминологияны біріздендіру және ұтымды қолдану.
Семинарға Азаматтық Авиация Академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Г.Қ. жетекшілік етуде.
Бағдарлама барысында қатысушылар:
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталатын болады.
Оқыту аясында Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік тілде іс жүргізудің құқықтық негіздері мен заманауи тәсілдері, авиация саласындағы ресми құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілу маңызы, тіл саясаты және авиация саласындағы ресми құжат айналымы, авиациялық ұйымдарда мемлекеттік тілді тиімді қолдану жолдары, авиациялық терминологияның қалыптасуы және кәсіби ортада қолданылуы сынды тақырыптар қамтылуда.
Сонымен қатар, «ICAO, EASA, IATA стандарттарымен реттелетін қазіргі заманғы авиациялық терминдердің қазақша-ағылшынша-орысша тезаурус түріндегі сөздігінің лингвистикалық қамтамасыз етілуі мен мобильдік қосымшасын әзірлеу» атты ғылыми жоба аясында авиациялық терминологияның қалыптасуы және оның тілдік ортадағы кәсіби қолданысы кеңінен талқыланды.
Бұл семинар – авиация мамандарының кәсіби дамуына және салада мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған маңызды әрі өзекті бастама.