ИКАО Авиация қауіпсіздігі оқу орталығында қазіргі уақытта «Нұсқаушылар» курсы өтіп жатыр. Тыңдаушылар қатарында еліміздің авиация саласындағы мамандармен қатар Әзербайжан және Грузия сияқты шет мемлекеттердің өкілдері бар. Аталмыш курс тәжірибе алмасуға қолайлы мүмкіндік береді. Курстың мақсаты – авиациялық персоналға арналған арнайы оқу бағдарламаларын сапалы ұйымдастырып, өткізе алатын нұсқаушыларды даярлау. Оқу барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістемелерін меңгереді, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді және авиациялық қауіпсіздік саласында білімді тиімді жеткізу құралдарын алады. Мұндай курстар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және авиациялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлес қосады.