Қазақстан Республикасының делегациясы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жетекшілігімен Халықаралық университет президенттері қауымдастығының (IAUP) 60 жылдығына арналған мерейтойлық конференциясына қатысты. Іс-шара Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Сеул Кибер университетінің базасында өтті.
«Жоғары білім жасанды интеллект дәуірінде: инновациялар, инклюзивтілік және жаһандық ынтымақтастық» атты форумға 28 елден келген 80-нен астам университеттің басшылары, білім министрлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция аясында қазақстандық делегация білім беру саласындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті дамыту және озық технологияларды университет ортасына енгізу бойынша ұлттық бастамаларды таныстырды.
Министр Саясат Нұрбек «AI-ready nation: Қазақстан негізінде» атты баяндамасында бірнеше маңызды стратегиялық жобаларды атап өтті:
Қазақстан делегациясының құрамында Азаматтық авиация академиясы да болды. Академия авиациялық білім беруді цифрландыру және ИИ саласындағы құзыреттерді дамыту бойынша өз бастамаларын ұсынды. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу бойынша халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.
Конференцияның соңғы күнінде Сеул Кибер университетінің президенті доктор Ли Ын Чжу кампус бойынша экскурсия ұйымдастырып, қатысушыларды онлайн оқыту жүйесімен, соның ішінде әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ қашықтан музыкалық бағдарламалармен таныстырды.
Форумның қорытынды кезеңінде Сеул Кибер университеті мен қатысушы елдердің делегациялары арасында онлайн білім беру саласында халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойылды.
Азаматтық авиация академиясы Сеул Кибер университетімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді, әсіресе оқытушылардың біліктілігін арттыру және жасанды интеллектке негізделген инновациялық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізу мәселелерінде.
Академияның IAUP конференциясына қатысуы халықаралық байланыстарды нығайту, кәсіби көкжиегін кеңейту және цифрлық оқыту саласындағы озық тәжірибені зерделеу жолындағы маңызды қадам болды. Бұл сондай-ақ Қазақстанның білім беру және инновациялар саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастырудағы белсенді ұстанымын растады.