АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Академияның спорт залында дәстүрлі Спорт апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және Академиядағы корпоративтік мәдениетті дамыту.

Спорт апталығы 20–24 қазан аралығында өткізіледі және ол еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны саналатын Республика күніне арналған.

Спорт апталығының ресми ашылуын Азаматтық Авиация Академиясының ректоры Б. Сейдахметов пен академиялық қызмет жөніндегі проректор К. Жақупов жүргізді. Олар өз сөздерінде студенттердің белсенділігін атап өтіп, спорттың жастарды біріктіретін, төзімділік пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыратын маңызды құрал екенін атап өтті.

Бірінші күннің бағдарламасы салтанатты рәсіммен басталды. Ашылу барысында Академия басшылығы мен студенттік ұйым өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі.
Одан кейін студенттер ұлттық ойындар – асық ату және тоғызқұмалақ жарыстарында бақ сынасты. Бұл ойындар халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеп, спорттық шараға ерекше рух сыйлады.

Бірінші күннің екінші бөлігінде 1–2 курс студенттері арасында волейбол турнирі өтті. Қатысушылар жоғары дайындық пен командалық үйлесімділікті көрсетіп, спорттық жігер мен жеңіске деген ұмтылысты паш етті. Көрермендер өз командаларын қолдап, жарысқа қызу қуат берді.

Алдағы күндері студенттерді мини-футбол, шахмат және үстел теннисі турнирлері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасындағы финалдық ойындар күтеді.
Спорт апталығы 24 қазан күні жеңімпаздарды марапаттау және салтанатты жабылу рәсімімен аяқталады.

 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы