2025 жылдың қазан айының 20-сы күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының (ф.ғ.к., профессор Г.Қ.Тулекова, PHD докторы А.Елубай, сеньер-лектор Н.Сұраншиева, сеньер-лектор M.Қондыбай ) ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы «Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында және Республика күніне орай «Мемлекеттік тіл – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Ахмет Байтұрсынұлының тіл мен ұлт үшін сіңірген еңбегін насихаттау, жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған дөңгелек үстелдің қадірлі қонағы ретінде филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы ғалым Райхан Сахыбекқызы Имаханбет қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ғалым Р.Сахыбекқызы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ ұлты үшін сіңірген мол еңбегі мен мұрасын, шығармашылық жолын жан-жақты баяндап, тартымды естеліктерімен ой бөлісті. Айтулы іс-шараға кафедраның оқытушылары мен Академияның 1 курс студенттері қатысып, ой бөлісті.
Студенттер дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына, қазіргі таңдағы мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы мазмұнды сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Дөңгелек үстел соңында ғалым Р.Сахыбекқызы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын зерттеуге арналған өзінің «Ғасыр саңлағы» атты кітабының 2 данасын кітапхана қорына сыйға тарту етті. Ахметтанушы ғалым Райхан Сахыбекқызының қатысуымен өткен «Мемлекеттік тіл – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел соңында естелік суретке түсті.