Азаматтық Авиация Академиясының әскери кафедрасының 1-курс студенттері Ұлы Отан соғысының тарихына арналған Батырлық даңқ мұражайына барды. Бұл іс-шараның мақсаты – жас сарбаздарға ел тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болған соғыс жылдары туралы тереңірек түсінік беру және батыр бабаларымыздың ерлігін үлгі ету болды.
Мұражай экспозицияларымен танысу барысында студенттер қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі, тыл еңбеккерлерінің жанқияр еңбегі және бейбітшілік пен тәуелсіздік жолындағы күрестің маңыздылығы туралы мол мағлұмат алды.
Бұл сапар олардың бойында отансүйгіштік сезімді арттырып, Отанды қорғау – әр ұрпақтың қасиетті борышы екенін ұғындырды.