АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін, 25 қазан – Республика күні және Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай, Азаматтық Авиация Академиясында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Академия ректоры Бекен Канелұлы Сейдахметовтің құттықтау сөзі ашты. Ректор өз сөзінде бұл күннің еліміз үшін тарихи және маңызы зор екенін атап өтіп, Академия ұжымын мерекемен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан барлық қызметкерлердің қажырлы еңбегі мен кәсібилігін ерекше бағалайтынын жеткізді.

Мерекелік шара барысында Академияның бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Көлік министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталары мен төсбелгілерімен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында:

  • Тулекова Гүлназ Хажымуратқызы, Анаятова Разиям Курванжанқызы – «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен;
  • Гармаш Ольга Валерьевна – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
  • Шинжирбеков Махмут Шарифович, Кучкаров Бахтияр Кадиржонович – «Құрметті авиатор» төсбелгісімен.

Іс-шара Азаматтық Авиация Академиясының және Азаматтық авиация колледжінің студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концерт ән, би және шағын қойылымдардан құралды, студенттер өз өнерлері арқылы ел бірлігі мен патриоттық рухты дәріптеді.

Азаматтық Авиация Академиясы барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтайды! Олардың еңбегі – Академияның дамуы мен ел болашағына қосқан зор үлес. Баршаңызға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы