АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА "AIR ASTANA" ӨКІЛІ ПЛИСКО А. И. ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 5 қарашада Азаматтық Авиация Академиясында «Эйр Астана» АҚ авиациялық стандарттарды дамыту жөніндегі менеджері А. И. Плиско 3-курс студенттеріне арналған «Азаматтық авиацияда инженерлік-техникалық құрамның өсу сатылары» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында студенттерге азаматтық авиация саласындағы инженерлік мамандардың кәсіби дамуы, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіру жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Осындай кездесулер болашақ авиация мамандары үшін тәжірибе алмасуға және кәсіби бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік береді.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы