АНКАРА HACI BAYRAM VELİ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС

Бүгін Азаматтық авиация академиясында Түркияның Ankara Hacı Bayram Veli University профессоры Yağız Aksakaloğlu студенттерге арналған «Көшпелі өркениет» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Дәріс барысында профессор Кишибековтың еңбектеріне сүйене отырып, көшпелі қоғамдарды идеологиялық көзқарастардан тыс, тарихи және мәдени тұрғыдан қарастырудың маңыздылығын атап өтті.

Талқыланған негізгі тақырыптар:
– көшпелі өмір салтының экономикалық негіздері;
– көшпелі халықтардағы мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесі;
– көшпелі өркениеттің өрлеуі мен құлдырау кезеңдері;
– тарихты жаңа көзқараспен қарастырудың қажеттілігі.


 Дәріс қызықты және мазмұнды өтті. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер болашақ мамандардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырады.

Профессор алдағы уақытта тағы бірнеше тақырыпта студенттер мен академияның оқытушылық-профессорлық құрамына арнайы дәрістер өткізбек.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы