Жұмыс сапарымен келген делегациялар құрамында:
– Рига аэронавигация институты (Латвия) – вице-президент Марина Роммель және даму жөніндегі директор доктор Ибрагимс Арандас;
– Сингапур Азаматтық авиация басқармасы (CAAS) және Сингапур авиация академиясы – CAAS-тың аға кеңесшісі және Сингапур авиация академиясының деканы Тэй Тян Гуан, халықаралық қатынастар жөніндегі аға көмекші директор Лим Юнг Цзэн, және аға менеджер Халисах бинте Мохамед Хатта;
– Әуежайлар халықаралық кеңесі (ACI World, Канада) – оқу бағдарламаларының директоры Исса Кастро;
– Францияның Азаматтық авиация университеті (ENAC) – вице-президент Николя Казалис және даму жөніндегі менеджер Фабрис Фабр болды.
Қонақтар Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесті.
Өз сөзінде CAAS-тың аға кеңесшісі және Сингапур авиация академиясының деканы Тэй Тян Гуан авиация саласының болашағы үшін кадрларды даярлау мен білім мен индустрия арасындағы серіктестіктің маңызын атап өтті, ал даму жөніндегі директор доктор Ибрагимс Арандас академиялық білім мен EASA Part-66 стандарттарын біріктіретін авиациялық мамандарды даярлаудың жүйелі тәсілін ұсынды.