АКАДЕМИЯ РЕКТОРЫ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Азаматтық Авиация Академиясында «Кәсіби өсу жолы: студенттен азаматтық авиация маманына дейін» тақырыбында дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу барысында Академия ректоры Бекен Сейдахметов шетелдік студенттермен жүздесіп, кәсіби және тұлғалық дамудың негізгі қағидаларын талқылады. Сонымен бірге Академияның стратегиялық бағыттары – заманауи білім беру форматтарын енгізу, цифрландыру, ғылыми жобаларды дамыту және халықаралық серіктестікті кеңейту туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл біздің үлкен отбасымызға 3457 өтініш түсіп, оның ішінде 881 талапкер студент атанды. Бұл – орта есеппен 4 адамға 1 орыннан келген жоғары конкурс, яғни Академияға деген сенімнің жылдан-жылға артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, биыл Академияға 39 шетелдік студент қабылданды. Олар Ресей, Өзбекстан, Нигерия, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Пәкістаннан келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық, яғни Академияның халықаралық беделі айтарлықтай күшейіп келе жатқанын білдіреді. Бүгінгі  таңда Академияда 75 шетелдік студент білім алуда.

Академия ректоры студенттерге табысты оқу жылын тілеп, азаматтық авиация саласында білікті маман болуға қажетті басты құндылықтарды атап өтті.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы