МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨҢІРЛІК ЖҮК АВИАХАБТАРЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласын цифрландыруға баса назар аударды.
– Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау нарығындағы өзара ықпалдастық «бірыңғай цифрлық терезе» қағидаты бойынша жүргізілуге тиіс. 2019 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау үдерісін жеңілдетуге бағытталған «E-freight» жүйесі іске қосылды. Бірақ бүгінге дейін бұл жүйенің қызметі шектеулі күйінде қалып отыр. Құжаттарды ресімдеуді кешіктіру фактілері бар, – деді Мемлекет басшысы.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, авиация саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау – аса өзекті мәселе.
– Білікті кадрлар болмаса, реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Салада кадр тапшылығы қатты сезілуде. Жыл сайын жүздеген маман қажет болады. Бұл мәселені жедел шешу керек. Үкіметке кадр даярлау жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Халықаралық оқу және ғылыми мекемелермен байланыс орнату қажет. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыратын құзырет орталықтарын құру керек, – деді Президент.

🟦Мемлекет басшысы көлік және логистика саласын дамытудың стратегиялық маңызы зор екенін айтып, бұл бағыт өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы