«Білім беру үдерісіндегі цифрлық құзыреттіліктер» атты семинар туралы

Ағымдағы жылдың 6-17 маусым аралығында профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында Академияның әдістемелік жұмыс департаментінің әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі «Білім беру үдерісіндегі цифрлық құзыреттіліктер» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Онлайн форматта ҚР БҒМ ЖЖБД директорының орынбасары Нарбекова Б.М., «Transform.Lead.Change» компаниясының бас директоры Зейнолданова А.С., білім беру технологиялары саласындағы «болашақ дағдылары» халықаралық сарапшысы А.Т.Мусағалиева, Қазақстан әлеуметтік даму институтының әлеуметтік процестерді зерттеу орталығының талдаушы-менеджері Мармонтова Т.В., Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушысы Сұлтан Д. қатысуларымен өтті.         

      Оқытушылардың білім беру саласындағы шеберліктерін байытып, іске асыру үшін сабақтардың тақырыптары өте өзекті болды. Спикерлер электронды оқыту мазмұнын дамыту, белсенді оқыту әдістері, геймификация және т.б. мысалдар келтіріп, оқытушыларды үйретті.

      Семинар барысында қатысушылар 5 командаға бөлінді, әр топ ұсынған тақырыпты таңдап, семинардың барлық спикерлерінің қатысуымен өткен материалды ескере отырып әзірлеген жобаларын қорғады. Бұл онлайн семинар сабақта жаңа технологияларды қолдану, оқытудың әдіс-тәсілдерін білу және практикада қолдану, онлайн аудиториямен жұмыс істей білу, шешендік өнер сияқты оқытушының құзыреттілік қасиеттерін дамытуға өте тиімді екенін көрсетті.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы