Бүгін Азаматтық авиация академиясының Жалпы білім беру пәндері кафедрасы Тәуелсіздік күніне арналған мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – тарихи жадты жаңғыртып, ел егемендігінің қадір-қасиетін студенттерге терең жеткізу болды.
Іс-шара барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының рухын сезіндірген көріністер мен отаншылдық әндер арқылы ұлт тарихындағы маңызды кезеңді еске алды. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен тәуелсіздікке басталған жолдың мән-мағынасы көрермендерге зор әсер қалдырды.
Студенттердің белсенділігі, шығармашылық ізденісі және ел тарихына деген құрметі концерттің әрбір нөмірінен айқын көрінді. Олар қойылымдар арқылы тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеп, бүгінгі бейбіт күннің бағасын жеткізе білді.
Шара қорытындысында кафедра меңгерушісі Бейсенбаева Айгүл Қалтайқызы және кафедра оқытушысы Көшербаева Эльмира Құрманжанқызы сөз сөйлеп, тәуелсіздіктің тарихи маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жастардың патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.
Тәуелсіздік – ұлттың рухы, елдің ең асыл құндылығы. Осындай тағылымды шаралар жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық тарихқа деген құрметін тереңдетеді.