ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ АБАЙЫ»

2025 жылдың желтоқсан айының 12 -сі күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Авиацялық ағылшын тілі» кафедрасының «Толық адам» концепциясын жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының ұйымдастыруымен (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньор–лекторлар - Н. Суранчиева, Ж. Ахметова, Д. Жунусова, М. Қондыбай) «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеші өтті.

Аталған кеш тілі басқа, тілегі бір әр халықтың ұлы ақындары Абай мен Гете шығармашылығындағы рухани тамырластықтың, үндестіктің шеңберінде қазақ және ағылшын тілінде өткізілді. Әдеби сазды кеш барысында студенттер Абайдың өлеңлері мен қара сөздерін жатқа айтып, әндерін шырқады.

Кеш соңында Абайдың «Толық адам» концепциясын жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының Семей қаласына барған «Туған елге тағзым», «Абай еліне саяхат» атты танымдық экспедицияның бейнеролигі қойылды.

«Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы