15.12.2025 ж. ЖББП кафедрасының оқытушысы Сейнасинова Асима Асылбекқызы ЛЭ(С)-24-5, 9, 11, 13 топтарының студенттерімен «Тәуелсіздіктің 34 жылдығы: жетістіктер мен басымдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның рухын көтеру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Желтоқсан» және «Ерке сылқым» күйлері домбырада шеберлікпен орындалып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Студенттер тәуелсіздік тарихына шолу жасап, тақырып аясында өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды ақпараттар мен тарихи деректерді ортаға салды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылған танымдық ойын барысында тың мәліметтер ұсынылып, қатысушылардың қызығушылығы арта түсті.
Іс-шара қорытындысында студенттер патриоттық рухпен жігерленіп, ел тарихына деген құрметтері мен ұлттық сана-сезімдері нығая түсті.