ТӘУЕЛСІЗДІК АҚ ТАҢЫ

2025 жылғы 15 желтоқсанда Азаматтық авиация академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік ақ таңы» атты салтанатты кеш өтті. Іс-шара еліміздің егемендігіне 34 жыл толуына арналды.

Салтанатты кешке Академия басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысты. Шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы атап өтіліп, тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.

Мемлекеттік Ту салтанатты түрде енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Академиялық қызмет жөніндегі проректор Жақыпов Қайрат Болатович мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ел тәуелсіздігінің маңыздылығына тоқталды.

Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен белсенді студенттер мерейтойлық төс белгілермен және алғыс хаттармен марапатталды.

Кеш барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер мен көркем номерлер орындалды. Шара соңында барлық қатысушылар бірігіп «Қазақстан» әнін орындады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы