2025 жылғы 17 желтоқсанда Азаматтық авиация академиясының қабырғасында Пәкістан, Сингапур, Нигерия және Әзербайжан елдерінен келген шетелдік студенттер мен магистранттардың қатысуымен алғаш рет семинар-тренинг өткізілді.
Семинарды профессор Баданбекқызы Зауре бірінші курс магистранттары — Шайзада А., Голубятников К., Саркытова А., Жұмағұл А., Манетов М. бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара Азаматтық авиация академиясында құрылған жаңа білім беру алаңы — Академиялық жазу хабы аясында өтті.
Академиялық жазу хабы студенттер мен жас зерттеушілерді заманауи жаһандық авиациялық ортада қажет болатын академиялық, кәсіби және көптілді жазу дағдыларын дамытуда қолдау көрсету мақсатында құрылды.
Хабтың алғашқы флагмандық іс-шарасы «Летайтын сөздер: көптілді авиациялық эссе лабораториясы» деп аталды.
Семинар барысында авиация саласындағы болашақ мамандар үшін академиялық эссе жазудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Авиацияның негізгі құндылықтары — қауіпсіздік, тиімді коммуникация және дерекке негізделген ойлау басты назарға алынды. Академиялық эссе жай ғана мәтін емес, ол — құрылымдалған ойлау тәсілі, мұнда айқындық пен логика ұшуларды ұйымдастырудағыдай аса маңызды.
Семинар-тренингтің мақсаты — көптілді тәсілді қолдана отырып, авиациялық тақырыптар бойынша эссе жазу дағдыларын дамыту. Іс-шараның өзектілігі авиацияның жаһандық сипатымен тығыз байланысты, мұнда ағылшын тілі кәсіби стандарт болып саналады, ал бірнеше тілді меңгеру қауіпсіздікті арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.
Семинардың жаңашылдығы оның практикалық форматында болды: шетелдік студенттер авиациялық тақырыптарда эсселерін ағылшын тілінде және өз ана тілдерінде жазып, нәтижелерін нақты уақыт режимінде ұсынды. Бұл формат жаһандық авиацияның шынайы келбетін көрсетеді — мамандар әртүрлі тілде ойлайды, бірақ бірыңғай академиялық және кәсіби стандартта қарым-қатынас жасайды.
Семинар-тренингтің ерекшеліктері:
іс-шара толығымен ағылшын тілінде өткізілді;
әрбір шетелдік студент өз елінің мемлекеттік әнұранымен таныстырылды;
қатысушылар эсселерін ана тілінде де, ағылшын тілінде де ерекше қызығушылықпен әрі мақтанышпен оқыды;
аудиториямен белсенді жұмыс жүргізіліп, интерактивті тапсырмалар мен талқылаулар ұйымдастырылды.
Семинардың жарқын сәттерінің бірі — бірінші курс магистранты Жұмағұл А.-ның баяндамасы болды. Ол академиялық эссе құрылымын ұшу жоспарымен салыстыра отырып, көрнекі түрде түсіндірді:
Кіріспе — ұшу (взлёт): тақырыпты анықтау, контексті ұсыну және негізгі тезисті тұжырымдау;
Негізгі бөлім — крейсерлік ұшу: дәлелдер мен уәждерге негізделген, логикалық байланыстағы абзацтар — маршруттың бақылау нүктелері;
Қорытынды — қону: негізгі ойларды жинақтап, талдауды нақты аяқтау.
Талқылау барысында авиация саласындағы академиялық жазудың нақты операциялық қызметпен тығыз байланысты екені атап өтілді. Оқиғалар туралы есептер, қауіпсіздік талдауы және ИКАО құжаттары академиялық эсселерге тән дәлдік, логика және дәлелділікті талап етеді.
Шетелдік студенттер эсселерін дайындап жатқан уақытта, модератор Академиялық жазу хабы әзірлеген интерактивті тапсырмалар арқылы залдағы студенттермен белсенді жұмыс жүргізді. Қатысушылар талқылауларға қызығушылықпен қатысты.
Семинар соңында семинар-тренинг жетекшісі, профессор Баданбекқызы З. қатысушыларға мынадай қанатты сөздермен үн қатты:
«Бүгін сіздердің дауыстарыңыз шекаралардан асты.
Тілдеріңіз қанатқа айналды.
Ал эсселеріңіз — сіздердің мінберлеріңіз болды.
Құттықтаймын!»
Іс-шара соңында шетелдік студенттер мен магистранттарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.