АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ОРТАЛЫҒЫНДА ICAO TRAINAIR PLUS БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ STP-КУРСТЫҢ ВАЛИДАЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

2025 жылғы 23–25 желтоқсан аралығында Авиациялық оқу-жаттығу орталығында құстар мен жабайы табиғат объектілерінің қаупін басқару бойынша мамандарды даярлауға арналған курс өтуде.

Курс азаматтық әуе кемелерін пайдалану кезінде құстар мен басқа да жабайы табиғат объектілері тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі Қазақстан Республикасында қолданылатын қағидаларға сәйкес тиімді іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту бағдарламасы практикаға бағытталған сипатқа ие және сонымен қатар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығында көзделген (Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды даярлаудың үлгілік оқу бағдарламаларына 107-1-қосымша) теориялық білімнің толық көлемін қамтиды.

Аталған курс ICAO TRAINAIR PLUS бағдарламасы аясындағы STP-курс ретінде өткізіліп, қазіргі таңда оның валидациялау кезеңі жүзеге асырылуда.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы