2025 жылғы 25 желтоқсанда Азаматтық авиация академиясының Авиациялық ағылшын тілі кафедрасында Technical English пәні аясында «Future Education» тақырыбында демонстрациялық сабақ өтті.
Сабақ барысында білім берудің болашағы, заманауи технологиялардың оқу үдерісіне әсері, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Демонстрациялық сабақ интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.
Іс-шараны Авиациялық ағылшын тілі кафедрасының профессоры Зауре Баданбеккызы жүргізді. Сабақ тәжірибе алмасуға, жаңа педагогикалық әдістерді таныстыруға және кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берді.