Пилот-магистранттар дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады.
Азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау мақсатында жүзеге асырылатын магистратура бағдарламасы аясында пилот-магистранттар дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады.
Дипломдық жұмыстарын сәтті қорғаған магистранттар қатарында:
Стульбо Геннадий Дмитриевич, Хасанов Улугбек Махкамбаевич, Оспанов Марат Ерболович, Стульбо Артур Геннадьевич, Тургунбаев Бахтиёр Зиявиддинович, Ахметов Дияс Жолдасович, Козбагаров Денис Эрикжанович. Аталған магистранттар Air Astana әуе компаниясында пилот қызметін және де Баянжанова Сауле Темургалиевна Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде қызмет атқарады
Айта кету керек, дипломдық жұмыстарды әзірлеу барысында магистранттар ALAMAN AIR авиациялық компаниясының өндірістік базасында тәжірибеден өтті.
Академия азаматтық авиация саласында үздіксіз білім беру қағидаты негізінде бакалавриаттан бастап магистратура мен докторантураға дейінгі барлық деңгейде мамандар даярлайтынын атап өтеміз. Білімін жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттырғысы келетін барлық сала мамандарын Академиямызға оқуға шақырамыз.