АКАДЕМИЯДА ҚР АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Азаматтық авиация академиясында Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара заманауи форматта ұйымдастырылып, телекөпір арқылы еліміздің әр өңіріндегі авиация саласының өкілдерімен тікелей байланыс орнатылды.

Мерекелік жиынның ашылуында құттықтау сөз Қазақстан Республикасының Көлік министрі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлына берілді. Өз сөзінде министр азаматтық авиация саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, сала қызметкерлерінің кәсібилігі мен жауапкершілігіне жоғары баға берді.

Одан кейін сөз Азаматтық авиация академиясының ректорының міндетін атқарушы Жакупов Қайрат Болатұлына берілді. Өз сөзінде ректор Академия ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, азаматтық авиация саласын дамытудағы білім беру жүйесінің маңызды рөліне тоқталды.

Салтанатты іс-шара барысында авиация саласының дамуына үлес қосып жүрген өзге де құрметті қонақтар мен сала өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, азаматтық авиацияның бүгіні мен болашағы, кадрлық әлеуетті нығайту және саланың тұрақты дамуы мәселелерін атап өтті.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй мен көтеріңкі рух сыйлады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы