ASTANA TECH CUP: DRONE SOCCER CLASS 20 САНАТЫ БОЙЫНША ЖЕТІСТІК

Азаматтық авиация академиясының командасы Astana Tech Cup аясында өткен, жастардың инженерлік және цифрлық құзыреттерін дамытуға, ұшқышсыз технологияларды кеңінен насихаттауға және командалық жұмыстың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған дрон-футбол бойынша республикалық жарыстарға қатысты.

Drone Soccer Class 20 санатында өткен жарыс — пилоттау шеберлігін, тактикалық ойлауды, командалық үйлесімді және техникалық жабдықпен жұмыс істеу қабілетін талап ететін динамикалық формат.

Жарыс қорытындысы бойынша Академия командасы 11 команда ішінен II орынды иеленіп, АҚШ-та өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Бұл жетістік — студенттердің жоғары дайындығының, заманауи технологиялар саласындағы білімінің және бірлескен еңбектің нәтижесі. Академия үшін бұл — халықаралық аренада еліміздің атын танытудың маңызды мүмкіндігі.

Команда мүшелерін және оларды дайындаған жетекшілерді лайықты жетістігімен құттықтаймыз!

Алдағы халықаралық чемпионатта сәттілік пен жеңістер тілейміз!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы