АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

Кеше Азаматтық авиация академиясында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізу жоспарланып отырған өзгерістерді қоғамдық-сараптамалық талқылауға арналған іс-шара өтті. Талқылауға Академияның профессор-оқытушылар құрамы, оның ішінде ЖББ (ООД) кафедрасының оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында Конституцияның жаңа редакциясы жобасының негізгі ережелері қарастырылып, қолданыстағы редакциямен салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар ұсынылып отырған конституциялық реформалардың саяси-құқықтық, әлеуметтік және институционалдық салдары жан-жақты сарапталды.

Мемлекеттік билік жүйесін трансформациялау, мемлекеттік институттар арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы өзгерістер, сондай-ақ жаңа конституциялық органдардың рөлі мен функционалдық мақсаты мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық пікірталас форматында өтіп, Академия қызметкерлері өз көзқарастарын білдіріп, өзекті сұрақтар қойып, конституциялық жаңғырту бағыттары бойынша сараптамалық пікір алмасты.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, конституциялық даму мәселелері бойынша саналы және салмақты қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жария диалог пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін дамыту болып табылады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы