2026 жылғы 26 ақпанда Академияда физика, математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәндері бойынша «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылына арналған университетаралық студенттік олимпиада ұйымдастырылды.
📚 Зияткерлік сайысқа Алматы қаласының 7 жоғары оқу орнынан 64 бірінші курс студенті қатысты.
🎓 Олимпиаданы Академия ректоры Жақупов Қ.Б. салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
🏆 Нәтижесінде математика, физика және АКТ бағыттары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Академия студенттері жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
🥇 I орын – 25 000 тг
🥈 II орын – 20 000 тг
🥉 III орын – 15 000 тг
Басқа ЖОО студенттеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Белсенді қатысушылар мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды.
📌 Олимпиада — жас мамандардың аналитикалық ойлауын, цифрлық құзыреттілігін және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң.