ИКАО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН: АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАЛУЫ

2026 жылғы 25 ақпанда ИКАО жобасының үйлестірушісі Луиза Столс ханыммен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды (CAMP) әзірлеу жобасы таныстырылды.

Ақпаратқа сәйкес, ИКАО сарапшылары 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді мастер-жоспарды әзірлеуге кірісті. Бұл құжат саланың стратегиялық даму бағыттарын айқындайды.

Кездесу аясында ұшу қауіпсіздігі, аэронавигация, әуежайларды жоспарлау, авиациялық қауіпсіздік, әуе көлігі экономикасы және экология бағыттарын қамтитын ИКАО халықаралық сарапшылар командасымен танысу өтті.

Әзірленіп жатқан құжат үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстанның азаматтық авиациясын теңгерімді дамытудың негізі болуға арналған.

Жоба шеңберінде:

- саланың ағымдағы жағдайына кешенді талдау;

- Азаматтық авиацияның ұлттық жоспарын (NCAP) әзірлеу;

- CAMP құжатын дайындау және оны уақытысында аяқтау;

- ұзақ мерзімді бәсекеге қабілетті моделін қалыптастыру көзделген.

ИКАО-ның тәуелсіз сараптамасы алдағы онжылдықтарға арналған авиация жүйесінің орнықты даму архитектурасын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жалпы, аталған жобаны іске асыру саланы жаңғыртуға, халықаралық стандарттарға сәйкестікті күшейтуге және Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы