АКАДЕМИЯ МЕН ӘУЕЖАЙ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

2026 жылғы 6 наурызда Азаматтық авиация академиясында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Бекен Қанелұлы Сейдахметовтің қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

Кездесуге Азаматтық авиация академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Іс-шара қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген Академияның Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Қайрат Болатұлы Жақыпов ғылым мен өндіріс арасындағы өзара іс-қимылдың авиация саласын дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, білім беру ұйымдары мен индустрия арасындағы тығыз ынтымақтастық инновацияларды енгізуге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және болашақ кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дәріс барысында Бекен Қанелұлы еліміздің негізгі авиациялық хабтарының бірін дамытудағы практикалық тәжірибесімен бөлісіп, авиация саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер туралы айтты. Сондай-ақ практикалық бағыттағы білім беру, жаңа буын мамандарын даярлау және студенттер үшін тағылымдамалар мен кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Азаматтық авиация академиясы мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланып, олар білім беру ортасын дамытуға және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталатыны атап өтілді.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ мен «Азаматтық авиация академиясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Құжат ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға, студенттердің практикалық даярлығын кеңейтуге, тағылымдамалар ұйымдастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Азаматтық авиация академиясы саланың жетекші кәсіпорындарымен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды жалғастырып, ұлттық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға жағдай жасауда.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы