2026 жылғы 13 наурызда Азаматтық авиация академиясында Ақтау халықаралық әуежайы Директорлар кеңесінің мүшесі, YDA Airports Investment and Management Inc. Директорлар кеңесінің мүшесі, YDA Group of Companies төрағасының кеңесшісі A. Hamdi Güvenç мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында қонаққа Академияның қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми әлеуеті, сондай-ақ авиация саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау мүмкіндіктері таныстырылды.
Тараптар Ақтау әуежайы қызметкерлерін оқыту перспективаларын, оның ішінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын талқылады. Сонымен қатар Ақтау әуежайы базасында Азаматтық авиация академиясының тренинг-орталығын құру бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл формат дуалды білім беру элементтерін енгізуге және қызметкерлерге кәсіби қызметін оқумен қатар алып жүруге мүмкіндік береді.
A. Hamdi Güvenç мырза аталған бастаманы қолдап, заманауи авиациялық инфрақұрылымды дамыту үшін білікті мамандарды жүйелі түрде даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және авиация саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған бірлескен білім беру жобаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.