АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУДЕ

Азаматтық авиация академиясы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде (IAAR) халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуде.

Аккредиттеу – бұл білім беру ұйымы қызметінің тәуелсіз бағалануы, ол білім беру бағдарламаларының сапасын, басқару жүйесінің тиімділігін және мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауға бағытталған.

Аккредиттеу үдерісі аясында халықаралық сарапшылар білім беру бағдарламаларын, профессорлық-оқытушылық құрамның деңгейін, материалдық-техникалық базаны, ғылыми қызметті, сондай-ақ білім алушыларды қолдау жүйесін бағалайды.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы