Алматы қаласында Академия гражданской авиации базасында оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) кеңейтілген отырысы және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне арналған салалық кеңес өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жетекші әуе компаниялары, әуежайлар және салалық ұйымдар қатысты.
Жаһандық технологиялық трансформация, цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жағдайында білікті мамандарды даярлау мәселелері орнықты даму, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін стратегиялық маңызға ие.
Кеңеске қатысушылар адами капиталды дамыту тұрақты экономикалық өсудің және авиация саласының ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева атап өтті:
«Атласта алдағы 15 жылға арналған перспективалы мамандықтар мен негізгі құзыреттер көрсетілген. Әлемдік әуе тасымалдары көлемінің тұрақты өсуін ескере отырып, жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұраныс артып келеді. Кадрлық әлеуетті дамыту ИКАО-ның Жаһандық елшілер бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Салалық мамандықтар мен құзыреттер атласы кадрларды даярлау саласында тұжырымдамалық көзқарастан практикалық шешімдерге көшуге және бүкіл сала үшін бірыңғай бағдарларды қалыптастыруға мүмкіндік береді».
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлжан Джарасова білім беру бағдарламаларын трансформациялау және оларды саланың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерімен үйлестірудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Академия гражданской авиации Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор Қайрат Жақыпов қазіргі кезеңде талқылаудан жүйелі шешімдерді практикалық іске асыруға көшу ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа мамандықтар мен құзыреттердің салалық атласы білім беру бағдарламаларын трансформациялаудың, заманауи цифрлық және кәсіби құзыреттерді енгізудің, сондай-ақ мемлекет, білім беру жүйесі және индустрия арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл ретте Академия азаматтық авиация үшін кадрлар даярлауды үйлестірудің негізгі алаңы ретінде әрекет етеді.
Іс-шараның негізгі сәті азаматтық авиация саласындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттердің салалық атласын таныстыру болды. Атлас мемлекеттік органдардың, салалық жұмыс берушілердің және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен әзірленген және саланың кадрлық қажеттіліктерін болжауға жүйелі тәсілді көрсетеді.
Құжатта мыналар айқындалған:
– жаңа және трансформацияланатын мамандықтар;
– болашақтың негізгі құзыреттері;
– білім беру бағдарламаларын жаңарту бағыттары;
– білім беру мен индустрияның өзара іс-қимыл тетіктері.
Салалық біліктілік жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша Атлас Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының кадрлық әлеуетін дамытудың стратегиялық бағдарын айқындайтын құжат ретінде бекітілді.
Іс-шара аясында Академия гражданской авиации Авиациялық колледжі мен «Трансавиа» ЖШС арасында стратегиялық әріптестік және қамқорлық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумға қол қою:
– дуалды оқытуды дамытуға;
– тәжірибеге бағытталған даярлауды енгізуге;
– жұмыс берушілердің білім беру процесіне қатысуын кеңейтуге;
– түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған.
Бұл бастама техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылуда.
Кеңес барысында ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
– білім беру бағдарламаларын саланың заманауи талаптарына бейімдеу;
– кадр тапшылығын еңсеру;
– үздіксіз білім беру және микробіліктіліктер механизмдерін енгізу;
– білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттіліктерімен үйлестіру.
Аталған шара нәтижесінде саланың одан әрі дамуы кадрларды даярлаудың икемді, цифрлық және құзыреттерге негізделген моделіне көшу қажеттігін талап ететіні атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет – білім беру – бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты экожүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Өткен кеңес Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының кадрлық әлеуетін дамыту бойынша келісілген шешімдер қабылдауға және алдағы қадамдарды айқындауға тиімді алаң болды.