ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ АВИАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясы делегациясының Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясовпен кездесу өтті.

Кездесуге Азаматтық авиация академиясы Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Қайрат Болатұлы Жақыпов, Kent State University университетінің жаһандық білім беру жөніндегі вице-президенті Марчелло Фантони, сондай-ақ Академия мен америкалық университеттің өкілдері қатысты.

 

Кездесу барысында авиациялық білім беру, кадрлар даярлау және бірлескен академиялық бастамаларды іске асыру салаларындағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Азаматтық авиация академиясы мен Kent State University арасындағы ағымдағы өзара іс-қимылға, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі пысықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу мен академиялық өзара іс-қимыл нысандарын кеңейтуді көздейтін ынтымақтастықты кезең-кезеңімен дамыту тәсілі бойынша пікір алмасты.

 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында халықаралық деңгейдегі мамандар даярлауға және ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған серіктестіктің перспективалы бағыты ретінде Халықаралық авиация университетін құру бастамасы ұсынылды.

Кездесу барысында барлық бастамаларды академиялық, ұйымдастырушылық және реттеушілік аспектілерді ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

 

Өткен кездесу тараптардың сындарлы диалогты дамытуға және авиациялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен және келісілген форматта жалғасатын болады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы