БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

2026 жылғы 2 сәуірде Сәтбаев университеті базасында «Физика» бағыты бойынша өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Азаматтық авиация академиясының студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Академиямыздың «Азаматтық әуе кемелерін ұшуда пайдалану (ұшқыш)» мамандығының ЛЭВ-1,3 студенттері — Бөлекбай Санжар, Болтаев Нұрдәулет, Елеусіз Досхан, Зәкірбек Темірлан білім бәйгесінде үздік шығып, қазақ тобы бойынша I орынға ие болды. 
Жетекшісі — Жалпы білім беру кафедрасының сеньор-лекторы Тойынбаева Назгуль Шайсолтановна.

Олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өзара білім мен шеберліктерін сынады. Біздің студенттер күрделі тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін және ғылымға деген қызығушылықтарын дәлелдеді.

Азаматтық авиация академиясы жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтайды! 
Бұл жетістік — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және сапалы білімнің нәтижесі.

Сіздерге алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы