Азаматтық авиация академиясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еліміздің саяси-құқықтық реформаларын тереңірек түсіндіру мақсатында мазмұнды әрі танымдық дәріс ұйымдастырылды.
🔹 Дәріс тақырыбы: «ҚР Конституциясындағы өзгерістерді түсіндіру»
🔹 Қатысушылар: ЛЭС-25-1 және ЛЭС-25-2 (ағылшын бөлімі) топтарының студенттері
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістер жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, олардың міндеттерін нақтылау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа тәсілдер мен институттардың рөлі талқыланды.
Студенттер елдің Негізгі Заңындағы жаңашылдықтардың маңызын түсініп, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы орнын айқындады. Болашақ авиаторлар үшін мұндай білім — тек кәсіби емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің де маңызды бөлігі.
Заңды білу, оны құрметтеу және сақтау — әрбір саналы азаматтың парызы!