2026 жылғы 20–29 сәуір аралығында «АзаматтыҚ авиация академиясы» АҚ Авиациялық оқу орталығының (ААО) базасында «Ұшуларды аэродромдық қамтамасыз ету» курсы бойынша оқыту өтті. Оқудан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің қызметкерлері өтті.
Курс барысында қатысушылар ұшуларды аэродромдық қамтамасыз етудің заманауи талаптарын, аэродромдарды күтіп ұстау және пайдалану мәселелерін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ аэродром инфрақұрылымын пайдалануға байланысты тәуекелдерді басқару ерекшеліктерін зерделеді. Практикалық аспектілерге — ұшу-қону жолағының жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы бойынша нақты жағдайларды талдауға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар өз білімдерін сәтті растап, тиісті сертификаттар алды. Мұндай курстарды өткізу мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қатысушыларға белсенді жұмысы мен қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз! Кәсіби қызметте алдағы уақытта да табыстар тілейміз!