«ТОЛЫҚ АДАМ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢ САЙЫСЫ

2026 жылдың сәуір айының 30-ы күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. «Толық адам» концепциясы тобының мүшесі Г. Тулекова Академияның 1 курс студенттерінен құралған «Ұшқыштар» тобымен ALT University-нің ұйымдастыруымен өткен «Толық адам – менің таңдауым» атты шығармашылық алаңға қатысты. Іс-шара барысында «Ұшқыштар» тобы 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды (1-тапсырма: «Сөйлеу зонасы» (монолог), Тақырыбы: «Мен қандай адам болғым келеді?» 2-тапсырма: «TikTok-философия» (Storytelling), Тапсырма: 2 минуттық креативті қойылым немесе live-видео дайындау. Тақырыбы: «Егер Абай бүгін Instagram-блогер болса, жастарға қандай 3 кеңес айтар еді?» Талап: заманауи формат пен Абайдың терең ойларын үйлестіру. 3-тапсырма: Шығармашылық сурет, Тақырыбы: «Толық адам – ішкі әлемім», 4-тапсырма: «Abai Case Study» (жағдаяттық талдау), Мақсаты: моральдық шешім қабылдау дағдыларын дамыту) топ алдына шығып жоғары деңгейде қорғап шықты.

Tolyq Adam – бұл студенттердің жылдам өзгеріп жатқан заманда тұтас, саналы, адами қасиеттерге бай әрі бастамашыл тұлға болу жолындағы жеке ойлары, идеялары мен өмірлік ұстанымдарымен бөлісетін ашық алаң. Іс-шара ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімі негізінде ұйымдастырылып, жастардың тұлғалық және құзыреттілік дамуын қолдауға бағытталды. Іс-шараның мақсаты: – білім алушылардың өзін-өзі тануын қолдау, шығармашылық ойлауын дамыту, еркін ой білдіру мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Шығармашылық алаң соңында «Ұшқыштар» тобына жетекшілік жасаған Г. Тулекова «Алғыс» хатпен, студенттер сертификатпен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтілді.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы