«Азаматтық авиация академиясы» авиациялық білім беру саласындағы маңызды халықаралық іс-шараға өз өкілдерін жібергенін хабарлайды. Оқу орнының жетекші штаттық қызметкерлері Еуропалық аэронавигацияны жоспарлау тобының Тілді меңгеру талаптарын енгізу жөніндегі мақсатты тобының 48-ші отырысына (EASPG LPRI TF/48) қатысуға ресми түрде шақырылды. Бұл ауқымды іс-шара Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) қолдауымен ұйымдастырылып, 2026 жылғы 20-22 мамыр аралығында ICAO-ның Париждегі (Франция) штаб-пәтерінде өтуде.
Халықаралық ауқым және қатысушылар: Отырыс қауіпсіздік стандарттарын бірлесіп әзірлеу үшін әлемдік авиация индустриясының жетекші сарапшыларының басын қосты. Іс-шараға келесі тұлғалар қатысуда:
Бейінді авиациялық оқу орындаынң өкілдері;
Мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен сарапшылары;
Мемлекеттердің авиациялық қызмет жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері;
Жетекші әуе компанияларының мамандары;
Халықаралық тестілеу ұйымдарының сарапшылары.
Академия делегациясының құрамы: Қазақстанның атынан қатысып жатқан жұмыс тобының құрамына Академияның тілдік дайындық саласындағы жетекші мамандары кірді:
Анаятова Разиям Курванжановна — «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі, рейтер-емтихан алушы;
Жунусова Динара Айткалиевна — сениор-лектор / рейтер-емтихан алушы;
Джанпейсова Жансая Маулетовна — сениор-лектор / рейтер-емтихан алушы.
Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы: Азаматтық авиация академиясы — Қазақстан Республикасында авиациялық персоналды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Осыған байланысты, делегаттардың ICAO аясындағы отырыстарға қатысуы елдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше мемлекеттік маңызға ие.
Қатысудың негізгі міндеттері:
Стандарттарды енгізу: Қазақстандық ұшқыштарды даярлау және сертификаттау процесіне ICAO халықаралық стандарттарын енгізу;
Қауіпсіздік пен біліктілік: Әуе қозғалысын басқару диспетчерлерін оқыту бағдарламаларын жетілдіру.