АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА AVIC INTL ЖӘНЕ AVIC ARI (ҚХР) КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Азаматтық авиация академиясында Aviation Industry Corporation of China (AVIC) құрамына кіретін Қытайдың аэродинамика саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі — AVIC INTL және AVIC ARI өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, авиация ғылымы, инженерия және кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасты, сондай-ақ ғылыми-техникалық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары мен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Аэродинамикалық зерттеулер, заманауи технологияларды енгізу, академиялық алмасу және авиация саласы үшін мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы