Академия ректоры Бекен Сейдахметов Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Каталин Раду мырзамен кездесті. Ректор Раду марзаны Академияның қызметімен таныстырды. Әріптестер азаматтық авиация саласын дамыту перспективаларын және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Авиациялық әкімшілік басшысы тарапынан серіктестікке мүдделілік білдірілді. Раду мырза оқу орнының рөлін ерекше атап өтті: "Кадырларды даярлау авиация саласын дамытудың маңызды факторы болып табылады", - деді Раду мырза. Тараптар бірлескен қызметті одан әрі жандандыру туралы уағдаласты.