АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Азаматтық авиация академиясында 2026 жылғы түлектерге диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл – студенттердің көпжылдық еңбегі мен ізденісінің нәтижесін қорытындылаған ерекше әрі маңызды күн болды.

Салтанатты шараға авиация саласының жетекші ұйымдарының өкілдері қатысып, түлектерді кәсіби өмірлерінің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады. Қонақтар қатарында:

* «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аржан Мелісұлы Бұғұбаев;
* «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өкілдері – Дарындыларды басқару жөніндегі директор Мұсратжан Имиров, Авиациялық оқу орталығының басшысы Жадыра Малаева және персоналды іріктеу жөніндегі маман Дариға Абабаева;
* «SCAT» әуе компаниясы АҚ өкілдері – әуе кемесінің командирі Николай Кунле және әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету инженері Антон Михайленко;
* «Қазавиақұтқару» АҚ Оңтүстік өңірлік басқармасының басшысы Сағындық Қанатұлы Тесеков;
* «Dala Air» ЖШС персоналды басқару қызметінің басшысы Олег Зотов;
* №405 авиациялық жөндеу зауыты АҚ сапа және қауіпсіздік жөніндегі директордың орынбасары Олег Ильич Кузнецов және кәсіпорын өкілдері қатысты.

Шара барысында Академия басшылығы мен құрметті қонақтар түлектерге дипломдарын табыстап, кәсіби қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар авиация саласының бүгінгі даму қарқыны, жоғары білікті мамандардың маңызы және жастардың отандық азаматтық авиацияны дамытудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Азаматтық авиация академиясы барлық түлектерді маңызды белеспен шын жүректен құттықтайды!

Құрметті түлектер! Алған білімдеріңіз бен жинаған тәжірибелеріңіз кәсіби жетістіктерге бастайтын берік негіз болсын. Еліміздің авиация саласының дамуына өз үлестеріңізді қосып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ақ жол, сәтті сапар және жарқын болашақ тілейміз! ✈️

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы