АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ПЕРСОНАЛЫН ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНДА ICAO TRAINAIR PLUS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КУРСЫ ӨТТІ

Азаматтық авиация персоналын даярлау орталығында ICAO TRAINAIR PLUS бағдарламасы аясында «Әуежайдағы құстар мен басқа да жануарлар төндіретін қауіптерді басқару» атты халықаралық курс өтті.

Оқытуға Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасы авиация саласының мамандары қатысты.

Курс бағдарламасы тыңдаушылардың әуежай аумағында құстар мен басқа да жануарлардың болуына байланысты тәуекелдерді басқару бойынша қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқу барысында қатысушылар орнитологиялық жағдайды бағалаудың заманауи әдістерін, әуе кемелерінің құстармен және жануарлармен соқтығысуының алдын алу шараларын, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық талаптар мен озық тәжірибелерді меңгерді.

Аталған курстың өткізілуі мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы