Азаматтық авиация академиясында АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы мен KazAELT ұйымының қолдауымен жүзеге асырылған English for Aviation Summer Camp халықаралық білім беру бағдарламасының жабылу салтанаты өтті.
2026 жылғы 8 маусым мен 31 шілде аралығында Академияның 100 студенті мен 20 оқытушысы ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес авиациялық ағылшын тілі бойынша қарқынды оқыту курсынан өтті. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы оқуын сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.
Салтанатты рәсімге АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфман, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері, KazAELT ұйымының өкілдері, Азаматтық авиация академиясының басшылығы, оқытушылар және бағдарлама қатысушылары қатысты.
English for Aviation Summer Camp бағдарламасы Азаматтық авиация академиясы, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және KazAELT ұйымы арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды. Бағдарлама болашақ авиация мамандары мен оқытушылардың кәсіби тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру бастамасын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығына, KazAELT ұйымына және барлық оқытушыларға жемісті ынтымақтастықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бағдарлама қатысушыларына жаңа білімге деген ұмтылыстары мен кәсіби дамуға қосқан үлестері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Барлық түлектерді оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, лайықты сертификаттарын алуларымен құттықтаймыз!