АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ КҮНІ

Бүгін Азаматтық авиация академиясында жаңа оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн әсіресе авиация саласындағы кәсіби жолына алғашқы қадам басып, Академияның үлкен әрі тату отбасының бір бөлігі атанған бірінші курс студенттері үшін ерекше мәнге ие.

Биыл Академияға 2786 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 903 талапкер студент атанды. Бірінші курс студенттерінің қатарында «Алтын белгі» төсбелгісінің 25 иегері және мектепті үздік бітірген 81 түлек бар.

Жас талапкерлер Қазақстанның барлық 20 өңірінен, сондай-ақ 7 шет мемлекеттен білім алу үшін Академиямызға келді. Бұл – оқу ордамыздың авиация саласында сапалы білім беретін беделді білім беру мекемесі ретіндегі маңызын айқындайтын көрсеткіш.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, Академияның проректоры Жакупов Қайрат Болатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік шара барысында Академияның шығармашылық ұжымдары көрермендерге әсем музыкалық және би қойылымдарын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа оқу жылы – жаңа білім мен тың мүмкіндіктердің, кәсіби дамудың және жарқын жетістіктердің бастауы.

Барша студенттерімізге, әсіресе білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттеріне сәттілік, ізденіс пен толағай табыс тілейміз!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Ақ жол, қымбатты студенттер!

 

 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы