2026 жылдың қыркүйек айының 21-і күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының (ф.ғ.к., профессор Г.Қ. Тулекова, phd докторы А. М. Елубай, сеньер-лектор Н.Р. Сұраншиева, сеньер-лектор М. Қондыбай, phd докторы Е.Б. Асанбаева) ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы «Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Мемлекеттік тіл – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының тіл мен ұлт үшін сіңірген еңбегін насихаттау, жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған дөңгелек үстелдің қадірлі қонағы ретінде филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы музей үйінің директоры, белгілі ахметтанушы ғалым Райхан Сақыбекқызы Имаханбет қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ғалым Райхан Сақыбекқызы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ ұлты үшін сіңірген мол еңбегі мен мұрасын, шығармашылық жолын жан-жақты баяндап, тартымды естеліктерімен ой бөлісті. Айтулы іс-шараға кафедраның оқытушылары мен Академияның 1 курс студенттері қатысып, ой бөлісті. «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі, phd докторы Анаятова Разиям Курванжанқызы бүгінгі іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. Студенттер дөңгелек үстел барысында А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына, қазіргі таңдағы мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы мазмұнды сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы музей үйінің директоры, белгілі ахметтанушы ғалым Райхан Сақыбекқызы Имаханбеттің қатысуымен өткен «Мемлекеттік тіл – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.