Азаматтық авиация академиясында 25 қазан – Республика күніне орай «Республика күні – бірлік пен Тәуелсіздіктің белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ бірлік пен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу.
Кездесу барысында қатысушылар ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқталып, ел бірлігі, тәуелсіздік және азаматтық жауапкершілік туралы пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар: Сейдилдаева Ашыркүл Кемелбековна және ТАП-26-1 мен ЛГ-26-1 топтары.
Республика күні құтты болсын!