АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА — ЖАҢА PhD ДОКТОРЫ!

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ қызметкері Лекерова Фариза Лекерқызы «Авиациялық техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмысты қарау нәтижесі бойынша Фариза Лекерқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық шығарылды.

Ғалымның зерттеуі әуежай маңындағы аумақтарда атмосфералық ауаның сапасын мониторингтеу әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес баламалы отын түрлеріне көшу мәселелеріне арналған.

Бұл — Академия үшін маңызды оқиға әрі Қазақстанның авиация саласындағы ғылыми әлеуетін дамытуға қосылған тағы бір елеулі үлес.

Фариза Лекерқызын лайықты ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейміз!

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз